![]() Бас редактор м. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі б. б. Баймаханов |
Баймаханов Болатбек Бимендеұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО Басқарма Төрағасы. 1986 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін, 1991 жылы «Абдоминалды хирургия» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны тәмамдаған. 2006 ж. Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ-ды аяқтаған. 1986-1990 жж. – Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігер-хирургі. 1990-2000 жж. – А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО-ның ғылыми қызметкері. 2000-2003 жж. – ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 2003-2007 жж. – А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО директоры. 2007-2008 жж. – А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО-да бөлімше меңгерушісі. 2008-2011 жж. – ҚО ДСБ басшысы. 2011-2012 жж. – «РЖМКО» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, Астана қ. 2012-2016 жж. – № 7 ҚКА бас дәрігері. 2016 ж. бастап А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО Басқарма төрағасы. 300-ден астам мақалалардың авторы, өнертабыс бойынша 42 патентке ие, ҚР 34 алдын ала және өнертабысына инновациялық патенттеріне, 3 монографияның және 10-нан астам әдістемелік нұсқаулықтың авторы, оның жетекшілігімен 8 кандидаттық және 4 докторлық диссертация қорғалды. «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» (2001 ж.), «Құрмет» ордені (2006 ж.), «Астанаға 10 жыл» (2008 ж.), «Алтын дәрігер» (2010 ж.), «Ы. Алтынсарин» (2014 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 25 жыл» (2016 ж.), «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» (2016 ж.), «Астанаға 20 жыл» (2018 ж.), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2021 ж.). |
![]() Жауапты хатшы М. ғ. д. И. Е. Сағатов |
Сағатов Іңкар Ерғалиұлы – медицина ғылымдарының докторы, А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО ҒЗЖ менеджменті бөлімінің басшысы. Алматы мемлекеттік медицина институтының түлегі, (1996 ж.), Almaty Management University 2(2023). «Медицина ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесін алу үшін қорғауға ұсынылған диссертациясының тақырыбы: «Туа біткен жүрек ақауларын хирургиялық емдеудегі Фонтен операциясының түрлі әдістері нәтижелерін салыстырмалы бағалау. Диссертацияны РМҒА «А.Н. Бакулев ат. ЖҚХҒО-да 2008 ж. сәтті қорғады (Мәскеу қ.). 270-тен астам жарияланымның, оның ішінде 2 монография, 5 әдістемелік нұсқаулықтың, ҚР өнертабысына 8 патенттің және авторлық куәліктердің авторы. Көптеген халықаралық конференциялар мен конгресстерде ғылыми баяндама жасаған. «Болашақ» президенттік стипендиясының иегері (2004 ж.), «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2019 ж.). |
Редакциялық алқа:
Редакциялық кеңес: